Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда «AMANAT» партиясының қолдауымен аламан айтыс өтуде

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2022
  • 1528

Түркістанда «AMANAT» партиясының қолдауымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Екі күнге жоспарланған дүбірлі доданың алғашқы күнінен-ақ ақындар белсенді. Партия төл тарихымызды дәріптеп, руханиятымызды жаңғырту бағытында республикалық деңгейде 100-ге жуық айтыс ұйымдастырған. Түркі әлемінің рухани астанасында өтіп жатқан сөз сайысында 18 ақын бақ сынауда. Олардың арасында «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртай, халықаралық, республикалық айтыстарда топ жарып жүрген Төлеген Жаманов, Еркебұлан Қайназаров, Біржан Байтуов сынды жүйріктер бар. Ал мықтылар арасынан кімнің оза шығатыны ақтық сында анықталады.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы әділдік жолына бет бұрып жатыр. Қоғамымыз өзгеріп жатыр. Еліміз жаңа дәуірге қадам басып жатыр. Міне, бүгін осы оң өзгерістерді, ұлы өзгерістерді, болашаққа жеткізетін ақындарымыз деп ойлаймын. Нағыз ақынның ғана жүрегінен шығатын, кесек-кесек ойларды, аталы сөздерді бүгін естиміз деп мен ойлаймын.

Р. Бақытжанқызы