Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддердегі аурухана мен мектептерге жылу беру үшін қосымша электр қазандықтары орнатылуда

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2022
  • 1771

Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданында аурухана мен мектептеріне қосымша электр қазандықтары орнатылады. Қазір алғашқы сегіз қондырғы медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл жылу желісіндегі суды 100 градусқа дейін қыздыруға мүмкіндік береді. Орталықтан жылу келмей қалған уақытта қазандық өзі нысанды жылыта алады.

Қазір Риддер жылу электр орталығында 3 қазандық тұрақты жұмыс істейді. Жүйедегі температура 75 градус. Сырттағы ауа температурасына байланысты көтеріліп отырады. Төтенше жағдайдың алдын алу және мектептер мен ауруханалардағы температураны көтеру мақсатында орнатылып жатыр.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазір бізде барлық ауруханалар үшін 8 қазандық бар. Біз жылытуды қажет ететін 4 мектеп бар екенін, олардың қайда орналасқанын білеміз. Осылайша, мәселе шешіліп, жұмысты 23 желтоқсанға дейін аяқтау міндеті қойылды. Яғни, 15 желтоқсанға дейін барлық 8 аурухана қалыпты жылу алады, ал 23 желтоқсанға дейін дербес жұмыс істеу үшін электр жабдықтары немесе қосымша жылу беріледі.

Қосымша қондырғылардың арқасында аурухана палаталары мен мектеп сыныптарында ауа температурасы 25 градустан жоғары көтеріледі. Ал жылу электр орталығында жоғары қысымды 5 қазандық жөндеуден өтіп, демалыс күні іске қосылады.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жалпы, 4 қазандық жұмыс істеуі керек, ал екеуі резервте тұруы керек. Біз үнемі істен шыққан қазандықтарды жөндейміз. Мамыр айында кең көлемде жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Ал келесі қыркүйекте біздегі жылу жүйесіне сенімді болады деп айта аламын.

Қазір Риддер Жылу электр орталығының энергетиктері қазандық қондырғыларының жұмысын тәулік бойы бақылауда. Сондай-ақ станцияға мазут тұрақты жеткізіліп, күніне 15 вагон көмір келуде.

А. Серік