Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 17,4 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2022
  • 1194

Алматыда пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген 26 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оған «Жер аманаты» комиссиясы тікелей атсалысты. Қайтарылған жер көлемі -17,4 гектар. Оның ішінде Шымбұлақ тау шаңғы курорты және Қазақ Ұлттық университетіне тиесілі жер де бар. Комиссия мүшелері пайдаланылмай жатқан аумақтарға саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарын салуды жөн көреді. Алматы қаласының жер ресурстарын басқару басқармасымен жер заңнамасын бұзудың 33 фактісі анықталған.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ. ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қалада точечная застройка дейміз, сол бойынша үлкен сұрақтар бар. Яғни, кезінде заңсыз берілген жерлерде қазіргі уақытта үй салу мәселелері бойынша, онымен халық келіспейді. Заңсыз берілген, болмаса пайдаланылмай жатқан жерлерді осы комиссияның жұмысы аясында мемлекетке қайтару жұмыстарын жасап жатырмыз.

М. Жақан