Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдық кәсіпкерлер мемлекет қолдауын сезініп отыр

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2022
  • 1268

Президент тапсырмасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» жеңілдетілген несие бере бастады. Оның шапағатын көргендердердің бірі- жамбылдық шаруалар.

Ермек Құлманбетов осыдан 4 жыл бұрын Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгініп 215 млн теңге несие алған. Өзінің жиған қаржысын қосып, 500 млн теңгеге 12 блоктан тұратын жеміс-жидек қоймасын салды. Сыйымдылығы- 220 тонна.

Ермек ҚҰЛМАНБЕТОВ, ҚОЙМА ДИРЕКТОРЫ:

8 пайызбен алғанбыз кезінде. Өте тиімді деп ойлаймын. Өйткені графигі де өте ыңғайлы. Өзіміздің неге байланысты, алма қашан сатылады сол кезде төлейміз мысалы. Алма және сәбіз өнімдерін күзде сатып алып, қазір осы желтоқсан қаңтар айларында сатуға жібереміз.

Еліміздегі 255 мың ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің 80 мыңнан астамы корпорациядан жеңілдетілген несие алған. Қазақстан бойынша 973 млрд теңге қаржы қаралса, соның 54 млрд теңгесі Жамбыл облысына тиесілі. Жыл басынан бері өңірде 1300 кәсіпкерді «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландырған.

Бауыржан ТӘЖІБАЕВ, «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірақ екінші деңгейлі банктардан айырмашылығымыз бұл жерде кепіл затына ешандай шектеу жоқ. Яғни, қазақстанның кез-келген жерінен қояға мүмкіншілік бар. Және де қабырға материалына соғылған мерзіміне ешқандай шектеу жоқ.

«Аграрлық несие корпорациясы» ірі жобалармен қатар ауылдық жерлерде жұмыс істейтін шағын кәсіп иелерін де қолдайды. Ауыл тұрғындарын қаладағыдан кем болмайтындай етіп жайлы өмірмен қамтамасыз ету үшін «Еңбек» бағдарламасымен 6 пайызмен несие қарастырылған.

Б. Жұмабай