Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында ер адам үш баласымен қоса асылып өлді

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2022
  • 3000

Ақтауда жантүршігерлік жағдай болды. 38 жастағы ер адам үш баласын асып өлтіріп, артынша өзіне өзі қол салған. Балалардың ең кішісі - 8 айлық, үлкені 8-де, ортаншысы 5 жаста. Полиция мәліметінше, оқиға орнынан ер адамның әйеліне жазған хаты табылған, онда ол о дүниеге балаларын да өзімен бірге ала кететінін айтқан.

Жаннұр ТАҢАТАРОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ М.А:

Бұл жағдайға отбасындағы жанжал себеп болған, ол әйелімен ажырасқалы жатқан. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болған. Полицияға бұл факті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүдесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Б. Сатуов