Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазығұрт ауданында 3 мың тонна алма қардың астында қалды

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2022
  • 1357

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 3 мың тонна алма қардың астында қалды. Ауданда 180 гектар жерге алма еккен шаруашылық қожайыны биыл өнім бітік болғанына қуанғанмен дайын өнімді уақытылы теріп ала алмағандарына қынжылады. Піскен алма далада жатыр. Сақтайтын да, өткізетін де жер жоқ. Шығынға батқан кәсіпкер енді не істерін білмей отыр.

Кеңес ТЕМІРБЕКОВ, СЕРІКТЕСТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бауымызда жалғыз алма емес, алхоры, шабдалы, өрік, алмұрт деген сияқты жеміс ағаштары бар. Соның 30 пайызы осылай жерге түсіп, ұрылып өзінің құндылығын жоғалтады. Егер сок, джем, варенье шығаратын зауыттар болса, осындай шығын болмас едік деп ойлаймын.

Шаруалар бұл қиындық келер жылы қайталанбас үшін талапқа сай ірі қоймалар салып, сұрыптау, өңдеу өнеркәсібін өркендету керек дейді. Бұл орайда мемлекеттік қолдау қажет. Ал ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мемлекеттен кезінде миллиондап қаржы алғандар дайын өнімді өздері жиып алуы керек дейді. Дегенмен мәселені шешуге тырысып жатқандарын жеткізді.

Тұрғанбек ОСПАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

60-70 пайыз қойма Шымкент қаласында қалып кетті. Біз енді облыс боп бөлінгеннен кейін қазіргі бізде үлкен мақсат инвесторлар тауып, қаржыландыру көздерін ашып сол қойма салу үлкен бізде міндет мақсат болып тұр ол. Біз қарқынды бауға мемлекеттік қолдау 40 пайыз беретін болсақ, соны 25 пайызға түсіріңіздер, қалған несін переработкіге көбейтіңіздер. Переработканы 25 емес 50 пайызға дейін көбейтіңіздер деп ұсыныс бердік.

А. Төребекқызы