Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Астана қаласы және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады

  • AstanaTV
  • 13 желтоқсан 2022
  • 1163

Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімін қабылдады. Бас қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке елорданың әлеуметтік-экономикасы және инфрақұрылымы қалай дамып жатқаны туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші қалай өзгергенін баяндады. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң өзгеріс бар. Президент облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыру керегін айтты.

А. Задабек