Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ресми сапармен Түркияға барды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2016
  • 2212

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Анкарада Қазақстан Президенті мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның екіжақты кездесуі өтті. Сондай-ақ кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жасалды.

Айта кетейік, бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентінің жеке шақыртуын қабыл алып, бауырлас елге ресми сапарлады. Қос ел басшысы өткізген шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалы сөз болды. Сондай-ақ бірқатар басым бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды. Сапар аясында тараптар халықаралық және өңірлік маңызға ие мәселелер жөнінде пікір алмасты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.