Русский Сайттың толық нұсқасы

Банк секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі талқыланды

  • AstanaTV
  • 14 желтоқсан 2022
  • 1305

Банк секторына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі және өзге де мәселелер «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар талқыланды. Өңірде жүргізілген талдау нәтижесін назарға ала отырып, кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім екенін атап өтті. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша және орындалған жұмыс актілеріне қол қою мәселелерін шешу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және ұрлау фактілері кең таралған схемалардың бірі деп танылды. Кеңес төрағасы банк секторын қолдау үшін мемлекеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігі қайда жұмсалғаны әлі белгісіз екенін атап өтті.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

2009 жылдан бері мемлекет банк секторларын қолдау мақсатында 9 триллион теңге бөлді. Осы бөлінген қаражаттың бір бөлігі қайда кеткені әлі күнге дейін белгісіз. кейбір банктер нақты мемлекеттік субсидиялаудан түскен пайда есебінен үлкен дивидендтер алды. Бұл факт еліміздің барлық ірі банктеріне қатысты.

А. Базарбай