Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде соғым алушылар саны азайған

  • AstanaTV
  • 15 желтоқсан 2022
  • 1566

Елімізде соғым маусымы басталды. Бірақ Ақтөбеде жылдағыдай емес, соғымға сұраныс азайған. Халық малды тұтастай алғаннан ғөрі, етті жіліктеп алуға көшкен. Оның себебін тілшіміз біліп қайтты.

Мал базарына күніне 200-ге жуық ірі қара келеді. Бірақ, қызып жатқан сауда жоқ.

Мақсат БӘЖЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Үш баспен келіп тұрмын. 350-ден мыналар, ортасындағы 300 мың, ет қолжетімді бағамен салмағанына қарай. Былтырғыдай емес енді.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Халықтың арасында әсіресе жылқы малына сұраныс жоғары дейді. Мына 5-6 жастағы бие үш келі қазы береді екен. Қазір оның нарықтағы құны 700 мың теңге.

Ал сиырдың құны екі жүз мың теңгеден басталып, үш жүз,төрт жүз мың теңге дейін жетеді. Жұрттың бәрінің бірдей соғым алуға шамасы жетпейді. Сондықтан қазір көбі жіліктеп немесе базардан келілеп ет сатып алады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Соғым қалай аламыз. Соғымға менің ақшам жетпейді. Бір пенсия, ол қай жаққа жетеді. 1 кг. 3кг, әрі кетсе 5 кг аласың артық ала алмайсың ғой. Ол қанша уақытқа жетеді. Экономдайсың ғой. Вкусыңды шығарсаң, сол да пайда ғой әйтеуір.

-Біздер обычно жіліктеп аламыз. Жіліктеп алғанда 2100-2200 шығады. Ал мында конечно қымбаттау. Келісі 2500-2800 жылқы 3 мыңнан асып тұр. Әркім келіп ала алмайды.

Сатушылардың айтуынша, етті қарызға алатындар да бар.

Антонина БАЛҒОЖИЕВА, ЕТ САТУШЫ:

Қазір екінің бірі ет ала алмайды. Етсіз отырғандар көп, ақшалары жоқ. Бізде базарда бір жақсы жері келеді, ақшасы жоқ болса отвечаюға береміз. Сондықтан клиенттер бар. Но халықтың көбінде ақшасы жоқ.

Соғым алушының азайып кетуінің тағы бір себебі қазір әлеуметтік желі арқылы сауда жолға қойылған. Халық ірі қара малды базарға барып жүрмей-ақ үйінде отырып тапсырыс беретін көрінеді.

Б. Рахметова