Қазір мектеп оқушылары қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс болуда. Алайда, оқушылардың міндеті білім алу ма, әлде жан бағу ма? Жалпы, мектеп жасындағылардың ерте еңбекке араласқаны қаншалықты дұрыс? Әріптесіміз жауап іздеп көрді.
Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Осыдан 4 жыл бұрын қаршадай қыздың осылай өлең оқығаны көптің есінде. Шынашақтай қыз мектепті әлі аяқтаған жоқ. Еміне шипа іздеп, ерекше бала еңбекке ерте араласты.
Назеркенің өзімен хабарласуға мүмкіндік болмады. Ол қазір Түркияда. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Анадолла елінде ем алып жатыр екен. Сабағын онлайн оқып жатқан көрінеді. Оның әлеуметтік желі арқылы жарнамалап жүргені өзінің кәсібі емес деп ақпарат берді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Бұл оқушы арнайы сыныпта білім алады. Қазіргі таңда Түркия елінде денсаулығына байланысты ем қабылдап жүр. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты анасы оқушы әпкесінің дүкенін жарнамалап, қолдау білдірген деп жауап берді бізге. Ал өзінің саудаға ешқандай қатысы жоқ. Желтоқсан айының соңында диагностикадан өтіп, денсаулығы жақсы болған соң үйге қайтатынын мәлімдейді.
Әлеуметтік желі арқылы табыс тапқан оқушылардың құқықтары Азаматтық кодекспен қорғалады. Себебі, бұл жерде еңбек шарты жасалмайды.
Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:
Бизнес, кәсіпкерлік бір жерден алып, бір жерге сату ол былайша айтқан кезде механикалық түрде мүмкін емес. Егер де екінші тарап немесе кәмілет жасқа толмаған тарап сотта даулайтын болса, оның әке-шешесінің рұқсаты болмағаны сотта белгіленетін болса, онда ол мәмлені жарамсыз деп тануға болады. Яғни ақшасын ақша төлеген адамға, мысалыға телефон, ноутбук жаңағы кәмелет жасқа толмаған тарапқа қайтарылады.
Мектеп жасындағы балалар табыс таба алады. Тек арнайы шартпен. 16 жасқа толғандары екі жатқы келісім жасасса жеткілікті. Ал 14 жастағылардың ата-аналары да келісім беругі тиісті. Бастысы, оқу процесін бұзбайтын, сабақтан бос кезінде, денсаулығына зиян келтірмейтін болса еңбек етуге құқылы. Мәселен, промоутер, дүкендерде ата-анасына көмектесуіне болады. Маусымдық жұмыстар оның ішінде курьерлік, репетиторлық жұмыс істеуіне болады. Осындай талаптардың сақталмауынан жыл басынан бері 8 мыңнан астам оқушының құқығы бұзылған.
Самал ЖҰМАҒАЗИЕВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
2022 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша, еңбек инспекторларымен 4920 тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 8070 бұзушылық анықталып, оның ішінде мектеп нарығында тартылған мектеп жасындағы 4 фактісі анықталды. Олар Шымкент, Қарағанды, 2 факт Атырау облысында. Соған қатысты жұмыс берушіге Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 86 бабының 3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкерлшілікке тартылды.
Әрине, еңбекке ерте араласқаны дұрыс. Бірақ бірінші кезекте білім алу қажеттігін естен шығармаса. Оған алдымен ата-ана бас-көз болғаны жөн.
Р. Бақытжанқызы