Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда өткен «Нұр Отан» партиясы филиалының отырысында «Әдеп кодексі» мәселесі қаралды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2016
  • 2441

Қызылжарда өткен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы кеңесінің кезекті отырысында «Әдеп кодексін» түсіндіру мәселесі қаралды. Биылғы жылы аймақта бастауыш партия ұйымдарына арналған 4 семинар өткізілген. «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің «Әдеп кодексін» дұрыс меңгеруі үшін, 15 әдістемелік нұсқаулықтар шығарылды. Бұл Кодекс жетекші партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының аясында қабылданған.

Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қаламызда 56 бастауыш партия ұйымы бар. Біз өткен жылдың желтоқсан айынан бастап осы ұйымдардың арасында «Әдеп кодексі» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келе жатырмыз. Партия қатарына әрдайым жаңа мүшелер қосылып отырады. Сондықтан аталған кодексті барлығы бірдей білу үшін, біз әрдайым бақылау жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

Сондай-ақ жиын барысында партиялық жарналарды уақытында төлеу мәселесі қаралды. Қызылжардың өзінде «Нұр Отан» партиясына алты мыңнан астам адам мүше. Соңғы жарты жылдың ішінде партиялық жарна ретінде 700 мыңға жуық теңге жиналды. Кеңес Мұқышевтың айтуынша, алғашқы жартыжылдық бойынша нұротандықтардың қарызы жоқ. Керісінше, партия бюджетінде профицит байқалып отыр. Партияға жоспарлы қаражаттан басқа қосымша 110 мың теңге түскен. 

Абзал ҚҰРМАНКИН