Русский Сайттың толық нұсқасы

Арал ауданында кәсіпкерлер саны 23 пайызға артқан

  • AstanaTV
  • 19 желтоқсан 2022
  • 2100

Қызылорда облысы Арал ауданында кәсіпкерлік субъектілердің қатары былтырмен салыстырғанда 23 пайызға артқан. Мереке қарсаңында олардың саны тағы 2 нысанмен толықты.

 «Самғау» бизнес орталығы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынған. Оннан аса жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта тұрғындарға қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлік нысандар осында шоғырландырылады. Балаларға қажетті түрлі үйірме кабинеттері де ашылуда.

Гүлдана ҰЙҚАСОВА, КӘСІПКЕР:

Бұл бизнес орталықта көптеген кабинеттер іске қосылды. Соның ішінде балаларды оқытуға, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуға кабинеттер ашылып отыр. Халықтың игілігіне пайдалануға өте қолайлы.

Мерекеге орай «Мега планета» сауда орталығы да аралдықтарға есігін айқара ашты. Мұндай нысандар ауданымыздың салықтық базасын арттырып, жаңа жұмыс орнының ашылуына сеп болады дейді аудан әкімі.

Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ, АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кәсіпкерлікке жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлер үйін аштық. Биылдың өзінде мемлекет тарапынан жаңа идеяларды іске асыру, бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 кәсіпкерге 500 млн.-нан астам қаржы берілді.

Ауданда кәсіпкерлердің өз ісін дамытып, жетілдіруге жайлы жағдай жасап жатырмыз, дейді жерлікті билік. Соған сай, бизнес өкілдері де ел игілігі үшін бір жылда 1 млрд теңгеге жуық инвестиция құйған.

М. Тоқтасынқызы