Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясында «Ұлы дала» республикалық әдеби байқау қорытындыланды

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2022
  • 1168

«AMANAT» партиясында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл әдеби конкурс ұлы ағартушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды. Кешегі аға буынның ізін жалғайтын таланттарымыз әдебиет айдынында аз емес. Сондықтан, дарынды жастардың суырылып алға шығуы – заңдылық. Байқаудағы басты мақсат – жас қаламгерлерді ынталандыру, қанаттандыру. Сондықтан бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аманжол ӘЛТАЙ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрбір шығармашылық тұлға өзінің деңгейін жақсы біледі. Және ұсынған шығармасының да жақсы біледі. Сондықтан біз өлеңдердің ішіндегі ол өлеңнің мазмұнына қарай әрбір талаптарымыздың деңгейіне сай келетін шығармаларды осы бірінші, екінші, үшінші орынға лайықты деп таптық. Мына бізге Ұлы дала байқауының мақсаты да, жас ақын жазушыларымызды айқындап,солардың ішінен таланттыларын ынталандыру.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН» АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ:

Ұлы дала бәйгесі осымен үшінші рет өтіп жатыр. Соған байланысты, мына драматругия проза деген, ауыр жанрлар бірден жазыла қоймайды. Алдын ала жыл бұрын оған дайындалады. Сондықтан дәстүрлі өтудің бір ерекшелігі осы. Әдебитеке жасалған қамқорлық деген тек ол руханиятқа жасалған дүние емес, тұтас қоғамға, экономикаға, жалпы қоғамға жасалған дүние. Сондықтан жалғасын таба берсін. Жеңімпаздардың бәрін құттықтаймын.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аманат партиясының қолдауымен өткізіліп жатқан мына Ұлы даланы дүбірлеткен, Ұлы байқау деп айтайын, Ұлы байқауға ұласып бара жатқан. Байтұрсынұлының өзіне арнауының өзі. Шын айтқанда Аманат партиясының ұлттық идеялогияға үлкен үлес қосып жатқанын білдіреді деп ойлаймын.

Д. Оңласын