Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде кен орнында 48 жастағы инженер қаза тапты

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2022
  • 1676

Ақтөбе облысында алтын өндіретін шахтада 48 жастағы инженер қаза тапты. Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданы «Юбилейная» кен орнында болды. Жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде инженерді жүк көлігі жаншып кеткен. Жүргізуші оны байқамай қалған көрінеді. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу тексеру амалдары жүріп жатыр. Арнайы комиссия құрылған. Жалпы Ақтөбе облысында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

Талғат ИСҚАРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

48 жастағы инженер болып істейді екен электрик. Сол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда осындай қолайсыз жағдай болып отыр. Погрузчик деген басып кеткен. Енді тергеп-тексеру жан-жақты жүріп жатыр.

Б. Рахметова