Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде тұмау өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 21 желтоқсан 2022
  • 1998

Қостанай облысында тұмау өршіп тұр. Жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт көбейді. Әсіресе балалар көп ауырып жатыр. Эпидемиологиялық кезең басталғалы облыс көлемінде отыз бес мыңнан астам адам ауырған. Мәселен қаладағы нөмірі бірінші емханаға 46 мың адам тіркелген. Соның 25 проценті инфекция жұқтырған. Емхана дәрігерлері профилактикалық шаралар өткізіп, 3600 адамға екпе егілгенін айтады. Алайда вирустық індет басылмай тұр.Облыс бойынша он төрт жасқа дейінгі жиырма бір мыңға жуық бала ауру жұқтырған.

Гүлсім МӘРУАРҚЫЗЫ, ЭПИДЕМИОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Биылғы жылы өткен жылмен қарағанда екі есе көп тіркеліп отыр вирустық инфекция. Өткен жылда 8 мыңнан астам ауырған адам тіркелген болса, биылғы жылда 10917 адам тіркелді. Соның 3146-сы балалар он төрт жасқа дейінгі.

Аймақта коронавирус дерті де асқынып тұр. Ковид жұқтырғандар саны соңғы екі аптада екі есе көбейген. Вакцина алған адамдар да ауырып жатыр. Қараша айында 48 адам ем қабылдаса, желтоқсан айында бұл көрсеткіш 108-ге ұлғайған. Ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Дәрігерлер вакцина алушылардың күрт азайғанына алаңдаулы. Коронавирусқа қарсы күніне орташа есеппен 100-150 адам екпе салдырады. Облыс тұрғындарының 61 пайыз яғни 363 мың адам егілген. Өңірде тұмау дерті де өршіп тұр. Соңғы күндері жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны көбейген.

Гүлім ДОСЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күнде 151 адам тұмаумен ауырып жатыр. Олардың арасында 20 пайызы балалар. Былтыр осы уақытта үш адам ауырды. Қазір 151 адам.

З. Санай