Русский Сайттың толық нұсқасы

50-ден асқандар жұмыссыз қалмайды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 2112

Жаңа жылдан бастап зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа алған компанияларға субсидия беріледі. Бұл «Күміс жас» жобасы негізінде жүзеге асырылмақ. Ал елімізде жасы 55-тен асқан 65 мыңнан астам адам жұмыс таппай жүр.

Дина Төлегенова- елуді еңсерген шағында жұмыссыз қалғандардың бірі. Екі қолға бір кәсіп іздеп, біраз жерге бас сұғып, талай табалдырықты тоздырған. Бірақ, жасына қарап, оны ешкім алғысы келмеді.

Дина ТӨЛЕГЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

55 десең, сені уже алмайды. Ойбай бізге жас керек деп бізді уже. Неше рет, көп жұмысқа бардым. Бәрі жерде солай айтады.

Дина "Күміс жас" жобасы арқылы енді жұмыс істейді. Балабақшаға орналасып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, елімізде 450 мыңнан астам азамат жұмыссыз жүр. Оның 83 мыңға жуығы -45 пен 54 жас аралығында.

Жанна ТЕМІРБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Астана қаласы бойынша 20 адамды жұмыспен қамтыдық. Бұл жобаға қатысу үшін ең алдымен Астана қаласында тіркелу керек. Еңбек порталы арқылы жұмыссыз тіркелу керек. Әрі қарай біз берген тізімнен олар жұмысты таңдап, сұқбатқа барады. Бұл жоба бойынша жұмыс берушінің жалақысының жартысын біз субсидиялаймыз. Мұғалімдерді, есепшілерді керек деп жатқан тәрбиешілерді.

Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек бұл жобаны қолдайды. Зейнетке жақындағанда жұмыссыз қалғандар үшін өте тиімді дейді.

Ауыт МҰҚИБЕК, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Елу жастан асып кеткендердің бәрі, 80-90 пайызы жұмыс таба алмай қатты қиналатын. Еш жер жұмысқа алмайды. Сондықтан мұндай бағдарламаның енуі олардың жұмысқа орналасу заңымен бекітуі ол өте жақсы бастама деп бағалаймын. Осы бастама жемісін береді деп сенемін.

Келер жылдан бастап, бағдарламаға өзгерістер енгізіледі. Қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтілмек. Енді жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар да қатыса алады. Қатысу мерзімі 3 жылға дейін. Сонымен қатар, олардың жалақысы бойынша субсидия мөлшері біршама арта түспек.

Қ. Мерей