Русский Сайттың толық нұсқасы

Кітаптың құны -1 миллион теңге

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 2470

Елімізде кітап та қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға өткен жылмен салыстырғанда 17%-ке өскен. Бұған не себеп? Толығырақ тілшіміз Дәрібек Бахытбек тарқатады.

Бұл - Талғат Меңдібаев. Бала күнінен кітап о қуға жанықұмар. Жаңа кітап шықса, іздеп жүріп алады. Соны оқып шықпайынша жаны жай таппайды. Бірақ, соңғы кезде кітап сатып алуды азайттым дейді. Өйткені, қымбат.

Талғат МЕҢДІБАЕВ, "КІТАП ҚҰРТТАРЫ" КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Күшті бір кітапты ұнатып тұрасын да, мынаны алайыншы деп ұстап қаласын да артына қарайсын бағасы деген айқайлап тұрады ғой. Айқайлап тұрғаннан кейін сен ол кітапты алғың келмей қалады да. Сосын электронный нұсқасын іздей бастайсын, электронный нұсқасын таппағаннан кейін оқымай қоясын.

Баспагерлердің айтуынша, шикізат бағасы өскен. Қажетті материалдар өзге елден әкелінеді. Сондықтан, оған тасымал ақысы тағы қосылады. Әр парақтың құны қымбат.

Маржан ҒАЗИЗҚЫЗЫ, КІТАП БАСПАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІ МЕНЕДЖЕРІ:

Кеше Ресейден қағаз келді. Мынау бір бурлы қағаз деген болады жылтыр. Жып-жылтыр беттері. Кеше келген баға бүгін 1,5 есе артып келді. Тура сол қағаз. Тура сол тапсырыс, кешегі бағадан бүгінгі баға әртүрлі. Бір аптадан кейін ол тағы қымбаттауы мүмкін. Біз қазір авторға мынауыңыз миллион теңге 500 дана басып береміз деп айтамыз. Бір аптадан кейін ол оған жетпей қалуы мүмкін.

Қымбатшылық әсіресе үлкен мегополистер мен облыс орталықтарында байқалады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ең жоғары баға Ақмола облысында, онан кейін Түркістан облысы , Астана қаласы, Қостанай және Атырау облыстары тұр.

Кітап дүкен сөресінде ғана емес, әлеуметтік желіде де сатылып жатыр. Ондағы баға 5000-нан басталады, 1 миллион теңге тұратындары да бар.

Кітап құнының көтерілуі 2016 жылы болған. Ол кезде баға 26,4%-ға артқан. Мамандардың айтуынша, жағдай бұлай жалғаса берсе, кітап ақысы келер жылы тіпті рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін.

Д. Онласын