Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқулықтағы олқылықтар қашан оңалады?

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2022
  • 2504

Мектеп оқулықтарындағы қателіктерге қатысты шағым әлі де тыйылмай тұр. Әсіресе ата-аналар, бала түгілі, ересектерге түсініксіз тапсырмалар кітап ішінде өріп жүр дейді. Бес жыл сайын жаңарып отыратын оқу құралынының бүгінгі мазмұны қалай? Кітаптағы кемшіліктерге кім жауапты? Тілшіміз оқулықтың мазмұнына үңіліп көрді.

Оқулық сапасы бұған дейін де жіліктеп талданып, жіті сараланған. Алайда орта мектептерге арналған кітаптардың сын көтермейтіні қоғам арасында әлі де айтылып жүр. Бірі мұқабасын сынаса, өзгесі мазмұнынан мін тағуда. Осыдан 5 жыл бұрын 9 сыныптың әдебиет кітабындағы «Қамбар батыр ішсін деп, арақ пенен шарапты, Маңдайын сүртіп демалып, Шылымын шегіп тұрады» деген өлең жолдары көптің есінен әлі кете қойған жоқ. Кейін сала мамандары батыр жырының түп нұсқасында бұл өлең жолдарының бар екенін айтып ақталған болатын. Сыннан қорытынды шықты ма деген қоғамның үміті әлі де ақтала қоймаған сыңайлы. Мұндай түсініксіз сарындағы тапсырмалар мен ақпараттар әлі де бар.

«Жеті атаңның суретін болса ала келіңдер», «Ауаның суретін сал» осы секілді тапсырмаларды да оқушылар орындауы тиіс. Ата-аналар оқулықтағы жаттығулар өрімдей баланың ой-өрЕсіне сай келе бермейді, дейді.

БЛИЦ:

- Бала түгілі үлкенге де түсініксіз. Қазір ек-үш қайтара оқып барып зорға түсінесің. Біреуден сұрап барып.

- Қиын, қиын, қиын жерлері көп бар. Түсіндіруінде қате кетеді ма, түсінбедім деп балалар отырады.

- Абылайханның жылқысының неше тісі бар деді ма, сондай сұрақ болған, или Шыңғысханның. И так что ондай мелочтарды тоже білу керек.

- Ия мен сестренкамды оқытамын, сұрақтары қиындау, миымызға сыймайды шынымен де.

Оқулықтарды құрастырудың алғашқы кезеңдерін тікелей назарына алатын білім мазмұнын сараптау орталығының қоғам тарапынан айтылатын сын-ескертпелерге сараптама жасаған. Нәтижесінде, қателіктің 80 пайызы дәлелсіз, яғни адамдардың субъективті пікірі. Мұның барлығы байыппен тексерілмеген мәлімет екенін халық түсінуі тиіс дейді сараптау орталығының басшысы.

Елдос НҰРЛАНОВ, БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз көбіне олқылықты қате деп түсенміз ғой, а ол қателік емес. Ол жаңағы айтып отырған адамның ойындағы кемшілік субъективті. Одан кейінгі себеп оқу бағдарламасынан хабарсыздық болып шығады. Яғни мемлекет оқулықты әзірлеуді бірден кіріспейді ғой. Оқыту әдістемесінен бейхабарсыздық. Өйткені сын-ескертулердің авторлары да әдетте я сарапшы емес, я педагог-практик болмай шығады да.

Азамат СЕРІКХАН, ТІЛШІ:

Оқулық жарыққа шыққанға дейін бақандай бес кезеңнен өтеді. Ал осынша қадағалудан өтсе де өрескел қателерді неге көзіміз шалып қалады? Мазмұны қашан мінсіз болады? Бұл қоғамның басты сауалы.