Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы жалғасады

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2022
  • 1959

Елімізде «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. 2023 жылы бағдарлама аясында несиелендіруге 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінбек. Жыл сайынғы несиелеудің нақты көлемі банктердің нарықтағы ипотекалық өнімдерге және дамуына байланысты болады.

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ:

Азаматтарды көбірек жеңілдікпен несиелеу мақсатында бағдарламаны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары қайта қаралды. Атап айтқанда, бір қарыз алушының бағдарламаға қатысуы бір реттен жиі емес қарастырылған.

Б. Сатуов