Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде «Amanat» партиясы филиалының жаңа төрағалары сайланды. Осыған дейін Жетісудағы филиалдың атқарушы хатшысы болып келген Арыстанғали Арын өз қызметін сақтап қалды. Ол Талдықорғанда өткен кезектен тыс үшінші өңірлік конференцияда ашық дауыс беру арқылы сайланды. «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Президенттің реформалар бағытын тиімді іске асыру үшін азаматтарды біріктіру жұмысын жалғастыруы тиіс деп айтты.
Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Саяси партиялардың құрылысының жаңа дәуірі басталып кетті. Президент айтты ғой, мен ешбір партия мүшесі болмаймын, енді барлық партия бәсекеге тең болсын деген сөз. Оны шын айтқанда жақсы мүмкіндік деп түсіну керек деп есептеймін. Аманат деген ол жеке адамның мүддесі емес, ол халықтың, мемлекеттің, мемлекетшіл азаматтардың мүддесі деп түсіну керек.
Партияның жұмысын одан әрі күшейту батыстағы «AMANAT» мүшелерінің де алдына қойылған басты мақсат. Осыны ескерген Батыс Қазақстан филиалына сайланған төраға Мұрат Мұқаев қызметке жаңа күшпен кірісті. Ол жыл басынан бері өңірде 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тұрғызылғанын, шалғай ауылдарға ауыз су өткізілгенін еске салды. Орал қаласында паллиативтік көмек орталығы ашылғанын айтты. Төраға партияның жүйелі жоспарларын ұстануды жалғастыратынына сендірді.
Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы еш уақытта күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта партияның БҚО бойынша сайлауалды бағдарламалардың жол карталары бекітілген. 2022-жылдың 11 айында жол карталары шеңберінде жоспарланған 1102 ісшараның 64,9 пайызы орындалды. Ағымдағы жылы 248 миллиард теңгеге 61 жоба іске қосылып, 897 жұмыс орны құрылды.
А. Задабек