Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа мал шаруашылығы кешені – агроөнеркәсіптегі жаңа серпіліс

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2022
  • 1335

Шығыс Қазақстанда жаңа мал шаруашылығы кешені ашылды. Мамандардың айтуынша, кешен агроөнеркәсіп саласына тың серпіліс әкеледі. Сондай-ақ, еліміздің экспорттық әлеуетін іске асырудың негізгі алаңына айналады. Толық циклды кәсіпорынға үш тауарлық ферма мен құрама жем зауыты кіреді. Жоспар бойынша жылына 60 мың тоннадан астам ет өндіріледі.

Қоғамдық тыңдауларда ауыл тұрғындарына жаңа жобаның артықшылықтары айтылды. Кешеннің экологиялық қауіпсіздігі барлық талаптар мен әлемдік тәжірибеге сай келеді. Бастысы, 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Ауыл үшін бұл үлкен көрсеткіш.

Зейнеркәрім ҚУАНЫШЕВ, ҰЛАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шопыр керек, трактраист керек, күзетші керек.Талай-тала жұмыс, міне стройканы салғанша. Барлық жұмыскер жанымыздан шығады.

Алдыңғы тыңдауларда тұрғындар жобаның экологиялық қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді. Бірақ Экология министрлігінің комитеті әлемдік өндіруші Danbred технологиясы жем мен мал өсіруден бастап дайын өнімге дейін өндіретінін, толық жабық өндірістік цикл екенін мәлімдеді.

Елена БЕРЕЗИНСКАЯ, АБИЛОВА, "ECOJER" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Біздің эколог 120 сұрақ қойды, оның 87-не біз жауап алдық. Қалғандары жүзеге асырылуда. Бұл инновациялық жоба, қазір Қазақстанда мұндай жобалар жоқ.

Андрей ЧИСТЮХИН, ИНВЕСТОР:

Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін әр объектіден 20 миллион теңге бөлінеді. Бұл қаражатты қалай жұмсау керектігін тұрғындардың өздері шешеді. Сонымен қатар, жылына 150 миллионнан астам салық аударымдары тікелей Ұлан ауданына түседі.

Өңірде ҚХР стандарттары бойынша өнімді сертификаттауға арналған зертхана іске қосылады. Бұл кешен өнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.

А. Серік