Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәтті шоколод пен спирттік өнімдерді сыйлық ретінде беруге болмайды

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2022
  • 1327

Жаңа жылға 4 күн қалды. Әдеттегідей, отбасылық мейрамға дайындық бірнеше күн бұрын басталып кетті. Барлық жерде ығы-жығы халық. Арна тілшісі Аружан Задабек қалаға шығып, халықтың көңіл-күйін біліп келді. Сюжет көрейік.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. Үлкен де, кіші де ғажайыпқа сенеді. Келер жылға сенім артады, жақсы жаңалық күтеді. Бір-бірін қуантқысы келгендер қазір сыйлық іздеп сабылып жүр. Сауда орындары мен базарларда адам көп.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы күндері елімізде парфюмерия мен косметика саудасы өскен. Себебі, сыйлық ретінде жұрт көп алатын көрінеді. Ал, мамандар беруге болмайтын сыйлар да бар дейді. Мысалы, тәтті шоколод пен спирттік өнімдерді ұсынуға болмайды.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Енді Астанадағы демалуға болатын ең әдемі жерлерге барамыз. Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық ауданында арнайы орындар ашылған. Бір ғана Астананың өзінде 30-ға жуық сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы трассасы бар.

Керемет әсер, балалық шағым есіме түсіп кетті ғой.... Көңіл-күй көтеріліп қалды....Мұнда да емен-жарқын, арқа-жарқа болған адам, бәрінің жүзінде - күлкі.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Әр адам жыл аяқталар тұста биыл не істедім деп өзіне есеп береді. Келер жылға жоспар құрады. Жаңа жылда мақсат-армандарым орындалсын деп тілек тілейді. Алдағы жылдан жақсылықтар, игі өзгерістер күтеді. Өмірді адамға қызықты, тартымды ететін де ертеңгі күнге деген үміт. Ендеше, жаңа жыл жақсылығымен келсін!

А. Задабек