Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық ерлі-зайыптылар 26 жыл күткен сәбиімен қауышты

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2022
  • 1507

26 жыл күткен қуаныш. Бүгін оралдық ерлі-зайыптылар ширек ғасыр зарыға күткен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бақтыбай Әжіғалиев ұлын 26 жыл күткенін айтады. Бірақ баласы мерзімінен бұрын дүниеге келген. Сол кездегі салмағы 600 грамм болыпты. Шала туған бала перинаталды орталықта төрт ай бойы ем алған. Баласын бүгін ғана қолына алған әке қуанышын жасыра алар емес.

Бақтыбай ӘЖІҒАЛИЕВ, СӘБИДІҢ ӘКЕСІ:

Бүгін қуаныштымыз, жақсы күн бүгін. Баламыз бәлнестен шығып жатыр. Көптен күткен баламыз.

Е. Карин