Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар жылды қорытындылап жатыр

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2022
  • 2757

«Өткен жылға өкпе жоқ». Барыс жылы елімізде біраз жақсы жаңалық болды. Әр отбасы, әр адам оның игілігін сезінді. Жұрттың келер жылдан да үміті зор. Қоян жылы берекелі, табысты болады деп сенеді.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Көшеде ығы-жығы адам. Ауа райы жайма-шуақ. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Барыс жылы халқымыз үшін жаңалыққа толы жыл болды.

Тұрғындар 2022 жылы бастан кешкен ерекше жағдайлармен, есте қаларлық сәттерімен бөлісті. Біреуі шаңырақ көтеріп, балалы болса, енді біреуінің жұмысы алға басып, қызметінде жетістіктерге жеткен.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Менің отбасым үшін керемет жыл болды. Балам жұмысынан квартира алды. Бұл деген сондай қуаныш! Немерелерімді елкаға әкеліп, күтіп жүрмін. Одан артық қандай бақыт керек?!

- 2022 жыл біз үшін ерекше болды! Аллаға шүкір! Қызды болдық, машина алып жатырмыз. Келе жатқан 2023 барлықтарына бақыт әкелсін!

- Менің алғашқы жеке көрмем өтті. Өнерім өрлей түсті, керемет жобаларға қатыстым. Бұл жыл маған шабыт әкелді.

- Өткен жылға өкпеміз жоқ. Келер жылды қуанышпен, жақсылықпен қарсы алайық!

Мегаполисте түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, жүргізушілер көліктерден жаңа жылдық шыршаның символын жасады. Автофлешмобқа кемпірқосақтың барлық түсімен жарқыраған 30-дан астам смарт көлік қатысқан.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Алматыда мерекелік атмосфера осындай. Ал Орал тұрғындарының көңіл-күйі қалай? Әріптесім Еркін Карин жалғастырады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Иә, Мөлдір, биыл оралдықтарды да шат қылған түрлі қуаныш көп болды. Біз микрофон ұсынған тұрғындар алдымен елдің амандығын тілеп, содан кейін жеке қуаныштарына тоқталды. Жақсылыққа толы жылдың несімен есте қалғаны туралы қалалықтар былай дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өзімнің жасөспірім шақтан ересектік шаққа өткен кезде адамда кризис болады ғой. Сол уақыттан мен өткен сияқты болдым. Сол мен үшін үлкен қуаныш болды.

- Жеке өмірімде ансамбль ашқанбыз. Алға қарай өркендеді, жақсы табыстар түсіп жатыр. Жұмыста да табысты жұмыс болды. 2022 жыл мен үшін жақсы жылдардың бірі болды.

- Мен «Асыл ана» форумында «Инста мама» номинациясын жеңдім. Сосын тағы да стартап проектіме финансирование алдым. Осы жылы мен үшін жақсы болды. Сосын мен Ақтаудан Оралға көшіп келдім.

- Машина алдық, Фольксваген Поло алдық, 2017-жылғы.

- Тойлар басталды. 2022-ден бері той басқарып жүрмін. 20 жылда 7 мың той басқарыппын. Алла қосса, 10 мың тойға жеткіземін деген жоспарым бар. Карантинге дейін жұмасына 10 той басқаратын ек. Қазір сол қайтып келсін деп тілеп жатырмыз, жәйлап оборот алып келе жатыр. Той көп болсын қазақта!

Жылда қарашада жауатын қар биыл біраз кешікті. Ақ ұлпаны асыға күткен халық мерекені қарсыз қарсы аламыз ба деп уайымдаған. Әлеуметтік желіні қолданушылар да қардың жоқтығына билікті әзіл-шыны аралас айыптап, түрлі мем таратты.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Көп күттірген қар қазір толассыз жауып тұр. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, алдағы үш күн қатарынан жауады. Ал ақтөбеліктердің мереке алдындағы көңіл-күйі қалай? Әріптесім Бақыт Рахметова жалғастырады.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

«Жаңа жыл жарылқа, ескі жыл есірке» деген емес пе, ақтөбеліктердің өткен жылға еш өкпесі жоқ. Жаңа жылдан да тек жақсылық күтеді.Көшедегі халықтың көңіл күйі тамаша, барлығы бір-біріне жақсы лебіздерін айтып, жаңа жылмен құттықтап жатыр. «2022 жыл несімен есте қалды?» Осындай сауал қойған едік...

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өзіміз үшін үйлі болдық. Жамандығы жоқ енді жақсылығымен болсын! Президентімізді халқымыз үшін сайлап алдық. Ол да біз үшін мақтаныш. Еліміз Жаңа Қазақстан өркендейді деп жатыр. Ұзағынан болсын! Жақсылық болсын! Еліміз тыныш болсын!

- 2022 жыл ма немерелі болдым. Кіттай қызым бар. Екі немереден кейінгі үшіншісі. Жаңа жылдан жаңалық күтемін. Жақсылық күтемін. Біз үлкейдік. Балдар табысты аман болсын! Жылымыз жақсы болсын! Бейбітшілік болсын!

- Жақсы қуаныштарымен жақсы көңіл күймен балалардың қызықты көңілді күйлерімен. Жақсы өзгерістер болды. Соған қуаныштымыз. Еліміз тыныштықта болсын! Әрқашан бірлікте болайық.

2022 жылы елімізде көптеген елеулі өзгерістер болды. Ел президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауы, Референдум, Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы өтті осы секілді саяси оқиғалармен қатар әрбір отбасы биыл жанға толығып,қорасы малға болып, берекеге кенелсе, енді бірі үйлі болып, қызметте жетістіктерге жетіпті.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Жаңа жылға санаулы күн қалды. Келе жатқан қоян жылы еліміз үшін бақытты, табысты жыл болады деген үміттеміз.

М. Жақан