Русский Сайттың толық нұсқасы

Дизель отыны қымбаттаса да, Шымкентте тапшылық жойылмай тұр

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2016
  • 2504

Дизель отынының нарқы еркіндікке жіберілгенмен, Шымкентте жағармай әлі де тапшы. 1 литрі 108 теңге деп белгігенген сұйық отын май құю бекеттерінің көпшілігінде белгілі бір сомаға ғана құйылып жатыр. Кейбірінде мүлдем жоқ. Бұл әсіресе ауыр жүк көлік жүргізушілерін тығырыққа тіреп тұр.

Құрылыс материалдарын тасымалдаумен айналысатын бірқатар кәсіпкерлер жағармайдың жетіспеуінен жұмысы тоқтап тұрғанын айтады. Айтуларынша, тапшылық бір айдан бері жалғасып келеді. Жүргізушілердің тіпті шекті бағаға май құю үшін бекетте түнеп шығуларына тура келген.

Тұрмахан Әміров:

Бір күнде бір машинамыздың өзі 200 литр күніне не 400 литрге дейін құюымыз керек. Ал бізге барғанда әр заправка лимит 5 мың теңге ғана құяды. Демек, ол 50 литр солярка. Ал біз онымен еш жаққа бара алмаймыз. Қазір машиналарымыздың бәрі тұр осында. Екі күн болды, 108 теңге болса да, ешқандай өзгеріс жоқ.

Айымбек Асанов:

Кеше, мысалы, бардық, құймайды, талон дейді. Біреуіне барсаң, лимит дейді, 2 мың теңгеден артық құмайды. Кеше бардық, бүгін жоқ солярка.

Дизель отының тапшылығын облыстағы жанар-жағармай қауымдастығы төрағасы да жоққа шығармайды. Оның айтуынша, баға еркіндікке жіберілгендіктен, алдағы бірер күнде мәселе шешімін табуы тиіс.

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы:

Кеше ғана үлкен поставщиктерден біздің операторлар қосымша келісімшарт алды. Бүгін-ертең соны төлеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді қалғаны зауыттан арту және жеткізу мәселесі болып тұр. Сондықтан, мен ойлаймын, осы аптаның соңына дейін толық қамтамасыз етілетін болады дизель отынымен.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ