Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ елін әлемге танытқан кімдер?

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2022
  • 1472

Биыл мәдениет саласының үздіктері қазақ елін әлемге танытты. Қара терімен кіндік қаны тамған жерін көпке мойындатты. Төрткүл дүние түгел таңдай қаққан жыл үздіктері туралы Аружан Задабек айтады.

2022 жылы өнер саласында толағай табыстар болды. Небәрі 10 жасар астаналық Рамина Сатыбалды «GOLDEN VOICE» халықаралық конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды. Төрт жасынан бастап вокалдан дәріс алған ол бұған дейін отандық «Бозторғай», «Шаттық» және «Mega Fest», «New Star», «Славян базары» сынды халықаралық байқауларда топ жарған еді. 16-17 қараша күндері әлемнің 8 мемлекетінен 100 ден астам конкурсанттардың арасынан жүзден жүйрік атанып, байқаудың гран при иегері атанды.

Рамина САТЫБАЛДЫ, «GOLDEN VOICE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ:

Мен Арменияда «GOLDEN VOICE» деген конкурсқа қатыстым. Мен Гран При атандым. Мен екі әнді орындадым. «Wrecking ball», «Қазақпын» деген ән.

Өткен жылдың жаңа бейнесі атанған Иманбек Зейкенов үшін биылғы жыл да табысты болады. «Грэмми» жүлдесін алған өнерпаздың туындылары ел тұрғындарын ғана емес, әлем халқын таңдай қақтырды. Оның ремиксі YouTube-те 250 миллион қаралым жинады.

Көпшілікке Jah Khalib лақап атымен танылған Бақтияр Мамедов биыл да әлем жұртын таңқалдырды. Оның әндері әлеуметтік желі арқылы көптің ықыласына бөленді. Жаңа ән жинағы жарық көрді. Бірнеше елде жеке концерті өтті.

Сағын Өмірбайұлы «Голос. Дети» байқауында 3-орынды иеленді. Ол суперфиналда Филипп Киркоровтың «Единственная моя» әнін орындады. Желі қолданушылары оның әсем үніне таңқалып, болашағынан зор үміт күтетіндерін жарыса жазды.

Димаш Құдайберген жылдан-жылға әлемді өз өнерімен мойындатып келеді. Ол биыл Алматыдағы орталық стадионда 35 мыңнан астам көрермен жинады. Қазақстандықтардан басқа, концертке әлемнің 68 елінен 20 мың турист келді.

Қазақстан дарынды адамдар шоғырланған мекен екеніне жыл өткен сайын әлем куә болып келеді. Таланттарымыздың шабыты сарқылмай, келер жылы да мол табысқа кеңелуін тілейміз.

А. Задабек