Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда цифрлық карта арқылы 800-ге жуық адамға әлеуметтік төлем тағайындалды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2022
  • 1667

Атырауда цифрлық карта арқылы 800-ге жуық адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл биыл қыркүйекте бастау алған «Отбасының цифрлық картасы» жобасы аясында іске асты. Отбасының цифрлық картасы – әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтап, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтайтын және оларға кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Пилоттық жоба қолға алынғалы мың жарымнан астам тұрғынға әлеуметтің төлемдер алу мүмкіндігі туралы хат жіберілген. Енді әлеуметтік көмек алу үшін түрлі құжатпен мекемелердің табалдырығын тоздымайтын болдық,- дейді тұрғындар.

Майя ШАРАПИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйде отырып, тек телефонмен баса бересің , «иә», «жоқ» деген батырмаларды. Бұрын жолдасымның жұмыс орнына қайта- қайта баратын едім.Ол жақтан шығарып берем дегенше, мына жаққа оны келіп тапсырамын. Жүрем ғой солай ЦОНға барамын. Ал мынау өте тиімді.

Келер жылдың қаңтарынан бастап цифрлық карта әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілсе, 2024 жылы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етеді. Ал цифрлық карта толығымен 2025 жылы іске қосылмақ.

Азамат МӘМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда 1540 адамға смс хабарлама жібердік,» сіздерге осындай мемлекеттік қолдау шаралары бар»,- деп. Бұл смс адамдарға барды. Келісім бергеннен кейін, бізде комиссия қарайды тексеріп. Қазіргі таңда 776 адамға әлеуметтік төлемді тағайындадық.

Б. Надірқызы