Русский Сайттың толық нұсқасы

«ASTANA TIMES» ұжымы жылды қорытындылайды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2022
  • 3223

Құрметті көрермен, осы жылдың ең басты жаңалықтарын қорытындылап, өздеріңізге жеткіздік. «ASTANATIMES» ұжымы жыл ішінде 245 эфир өткізіпті. Жаңалық жаршылары күн-түн демей 8352 сюжет әзірледі. Салмақты саясат, қорқынышы көп қылмыстық әлем, өнер мен руханиятқа толы мәдениет саласы туралы айтты. Жыл он екі ай жылт еткен жаңалықты сіздерге жеткізді. Тілшілік тіршілік туралы әріптесім Аружан Задабек материал әзірледі. Көрейік.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бұл - қаламның ұшымен нан тауып жүрген тілшілердің бөлмесі. Елдегі және әлемдегі барлық жаңалықтар осы айнадай ғана кабинеттен өңделіп, сұрыпталып, әзірленеді. Дәл қазір мен ақпарат порталдарын ақтарып, жылт еткен жаңалықты теріп алып, құрметті көрермен, өздеріңізге ұсынуға дайындаймын!

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Зәуре - біздің продюсер. Маңызды жиындар туралы ақпаратты бірінші еститін де, түсірілімді реттейтін де осы кісі.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Журналист бал арасы тәрізді. Ақиқат іздеп, бармайтын жері, баспайтын тауы, ашпайтын есігі жоқ.. Ал, тілшінің сынарына айналған операторсыз халыққа толыққанды материал ұсыну мүмкін емес. Бүгін менің түсірілім алаңындағы серігім — Ернұр Қалелов. Телевизия саласында жүргеніне 10 жылдан асқан тәжірибелі маман. Аға, жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма?

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бізде мұндай қызық расымен жетеді... Қазір де түсірілімге шықтық...

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Түсірілім алаңына дәл уақытында жету—тікелей жүргізушіге байланысты. Ығы-жығы, кептеліске қарамастан діттеген орынға тез арада жеткізетін бұл жандардың еңбегі ерең ғой. Аға, көлік жүргізіп жүргеніңізге қанша уақыт болды?

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Біз қазір ғана түсірілімнен оралдық. Мен сюжетімнің мәтінін жазып қойдым. Оның ішінде қате дерек кетіп қалмауын шеф- редакторлар қағалайды. Иә, сізге ұсынылған жаңалық сіз ойлағандай журналистің шимайынан ғана өтпейді. Ақпарат жұртқа жетем дегенше қанша сүзгіден өтеді. Ақерке Берікбекқызы, жұмыс қалай жүріп жатыр? Жылдың соңы ауыр болып жатқан жоқ па?

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Бұл - монтаж бөлмесі. Журналистердің күн ұзаққа жасаған материалдарын одан әрі әрлеп, сәнін кіргізетін осы бейнеқұрастырушылар. Сағаттап түсірген видеоны ықшамдап, бар-жоғы екі үш минуттың ішіне сыйғызады. Шах, менің материалымның хроносы 2 минуттан аспау керек. Барлығын сыйдыруға тырысайықшы.

Шахмардан, БЕЙНЕҚҰРАСТЫРУШЫ:

Жасаймыз. Мәселе жоқ.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Соңғы меже де жақындады. Қазір менің сюжетімді режиссер тексеріп шығады. Барлығы дұрыс болса ғана бекітіледі. Қараңыздаршы, дәл қазір мұнда қызу жұмыс жүріп жатыр. Барлық тілшілер бүгінгінің басты ақпараттарын дайындау үшін тер төгуде. Қазір бір-екеуіне барып қандай материал әзірлеп жатқанын сұрайық.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Біздің телеарна қызметкерлерінің әр күні осылай өтеді. Жығылғанды демейді, жоғалғанға жоқшы болады. Елмен бірге жылайды, бірге күледі. Келер жылы да осы қарқынмен жұмыс істейді. 2023-те жүздесіп, тілдескенше көрермен!


А. Задабек