Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 74 тонна шөп жанып кетті

  • AstanaTV
  • 05 қаңтар 2023
  • 1301

Павлодар облысында шаруалардың 74 тонна шөбі жанып кетті. Оқыс оқиға Май ауданының Майтүбек ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша, өрт қасақана қойылған болуы мүмкін. Өйткені, тілсіз жау екі бірдей аулада бір уақытта тұтанған. Шығын көлемі есептеліп жатыр. Ал әдейі өрт қойған қаскөй іздестірілуде.

Асқар БҮРКІТБАЕВ, МАЙ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Май ауданы Майтүбек ауылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге 2 техника мен жеке құрамның 4 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Тілсіз жаудың жалпы аумағы- 120 шаршы метр.

Ө. Қуанар