Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық жерде балағат сөз айтсаңыз, айыппұл салынады

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2023
  • 2640

Қоғамдық жерде балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейді. Ұсақ заңбұзушылықтар қатарына жеке тұлғаларға жармасу, ғимараттарды және басқа да құрылыс нысандарын, қоғамдық орындарды, тұрғын үйлерді, көліктегі мүлікті қорлау және тағы басқа қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жатады. Құқықбұзушылық кодексте ұсақ бұзақылық үшін айыппұлдың көлемі артты. Қамауға алу мерзімі де ұзартылып отыр.

Азамат ҚҰРЫМБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК яғни17 250 теңге көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Жаңадан енгізілетін заңда айыппұл көлемі 20 АЕК 69 000 теңгеге өскен. Яғни, қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды.

Ә. Дүкембаева