Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұздық балалар Түркістанды аралады

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2023
  • 2144

Екібастұз қаласының елу оқушысы киелі Түркістан шаһарын аралады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды. Көне нысанды көзбен көріп, тайқазанның тарихымен танысты. Сондай-ақ, Фараб кітапханасына барды. Ежелгі шаһардың жаңарған келбеті балаларға ерекше әсер етті. Жас қонақтар «Керуен сарай» орталығында, «Алтын самұрықта» болып, Ұлы жібек жолы бойында орналасқан көне қаланың өткені мен бүгінін бағамдады.

Мақсат ҚҰМАРБЕК:

Маған осы Түркістан қаласының қонақжайлығы адамдардың өте қатты ұнады. Мен өскенде осы жақта тұрамын деп шешім қабылдадым. Түркістан өте әсем қала және маған бұл жердегі «Алтын самұрық» ұнады. Ол жерде біз кәдімгідей шынайы ұшып жүрген секілді болдық. Және маған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған болатынбыз, сол жердегі ата-бабаларымыздың қанжарлары, кітаптары бәрі ұнады.

Ардана ГИМАДИ:

Түркістанда автобустан түскен сәттен бастап көптеген қызықты дүниелермен таныстық. Маған өте қатты ұнады. Естен кетпес керемет әсер алдым. Достарымызбен көп суретке түстік. Керемет сәттер. Мен мұндағы саяхатты өмір бойы ұмытпаймын.

Екібастұз қаласынан келген 50 оқушы қысқы демалысын Төлеби ауданының тау бөктеріндегі «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешенінде өткізіп жатыр. Балалар 11 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алда көптеген іс-шаралар болады. Бір-біріне ұқсамайтын дебаттар болады. Біздің басқа лагерьдің балалары барып «Бәйшешектегі» екібастұздықтармен танысып, жарыстар өткізеді. Ән-сауық, тауға шығу деген сияқты бірәз мәселелер бар. Енді ойламын, ұнайды. Мақсатымыз - осы балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.

А. Төребекқызы