Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде жүргізуші 146 млн теңгенің тауарын өзі иемденбек болып, көлігін өртеп жіберген

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2023
  • 1394

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі ондағы тауарды өзі иемдену үшін көлігін қасақана өртеп жіберген. 146 млн теңгенің заты күлге айналды. 34 жастағы азамат желтоқсан айының соңында Алматыдан Ресейге дейін тауар тиеп алған. Кейін Ақтөбеге келгенде арам ой туып, ол тауардың жетпіс пайызын туысқанының үйіне түсіріпті. Сосын тонауды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Онда электроника, ұялы телефонның керек жарағы, автомогнитола болған. Өзі жалға алған көлік тауарымен қоса өртеніп кетті деп жалтармақ болған оның жоспары іске аспай қалды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгеге бар екенін түсіндірген.Осы факті ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігімен "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Б. Рақметова