Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауықтыру орталығындағы бала өліміне не себеп?

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2023
  • 2012

«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді. Лагерьде демалыста кенеттен көз жұмған 14 жасар жеткіншектің өліміне қатысты министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі мен өзге де құзыретті органдар бұл жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Барлық мәселелер әділетті түрде қатаң тексерілетін болады. Ол менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшылығына қатаң тиісті жаза қолданылатын болады. Сондықтан да қалған мәселелерге қатысты құқық қорғау органдарымен бірге тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мәселелер толық анықталғаннан кейін нақты шешім туралы хабарлайтын боламыз.

А. Задабек