Русский Сайттың толық нұсқасы

Биылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі?

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2023
  • 3167

Ақша аударымдар енді қатаң тексеріледі. Екінші деңгейлі банктер салық органдарына кімнің қайда, қандай ақша аударған туралы есеп береді. Мұның астарында не жатыр? Жаңашылдықтың ел қазынасына пайдасы бар ма? Әлде, бұл жеке азаматтың қалтасына қол сұғу ма? Рабиға Бақытжанқызы тарқатып түсіндіреді.

Бір азамат бір айда әртүрлі 100 адамнан төлем қабылдаса және тура осы жағдай 3 ай бойы қайталанса күдікке іліндім дей беріңіз. Яғни үш айда сіз 300 адамнан төлем алсаңыз, банк сіздің ақша аударымдарыңыз туралы ақпаратты салық органына береді.

Айнұр САРТАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер де жеке тұлға мобильді аударымдарды кәсіпкерлік мақсатта қолданса, ол дұрыс емес. Себебі, баста бұл карталар жеке мақсатта пайдалану үшін ашқан болатын. Ұлттық банктің тиісті қаулысына сай аталған жеке счеттардың барлығы жеке пайдалануға арналған. Яғни ол кәсіпкерлік табысты алуға арналмаған. Дегенмен де кейбір кәсіпкерлер қазіргі уақытта аталған счетты кәсіпкерлік мақсатта қолданып отырғаны белгілі. Сондықтан, көлеңкелі экономикамен күрес ретінде бір жағынан толық салықпен қамту мақсатында аталған мобильді аударымдар бойынша бақылау жүзеге асады.

Қаржылық бақылау кезең-кезеңімен жүзеге асады. 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер және оған теңестірілген азаматтар мен олардың жұбайлары, еліміздегі мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары. 2024 жылы дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары. Ал 2025 жылдан бастап еліміздің қалған санаттағы бүкіл жеке тұлғалар осы бақылауға енеді.

БЛИЦ:

- Кімде ИП бар, налог ұстасын содан мархабат. Біздікі не ол. Әрине, 1 айда 100 болуы мүмкін. Ауысамыз. Береміз. Жүреміз. Болмайды ғой ол. Жәй қарапайым халыққа дұрыс емес ол.

- Дұрыс емес. Себебі, туысқандар аударым жасайды.

- Қайдан түседі? Егер жұмыс істемесең. Әрине, тексерген дұрыс.

- Әркімде әртүрлі. Біреу жаңағы бата жасап жатқан шығар. Біреу ата-анасының жылын беріп жатқан шығар. Соған байланысты міндетті түрде тексеру керек. Бір ай емес бірнеше айдың көлемі болса, онда ол басқа әңгіме.

Қоғамда жаңашылдықты түсінбей жатқандар көп. Алайда, даурығудың қажеті жоқ дейді мамандар. Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуына онсыз да рұқсат етілмейді. Ал, әйелдері бизнеспен айналыса алады. Тек, ақшалай төлем кәсібіңізге байланысты ашылған банк счетына түссе, сізді ешкім тексермейді.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сондай-ақ, сіз өз туысыңызға не бала-шағаңызға жыл ішінде 50-100 рет ақша аударсаңыз да сіз бір адам болып есептелесіз. Егер сіз банктің қосымшасындағы кюар кодпен төлем жасасаңыз бұл- заңды. Себебі, кюар бизнеске арналған. Перевод яғни аударым 3 ай көлемінде түрлі 300 адамнан банк картаңызға ақша түссе, онда сіз жасырын кәскерлікпен айналыстыңыз деген сөз. Бастысы о бастан банктен жеке өзіңіздің қажеттілігіңіз үшін ашылған картаңызға ақша түспеуі маңызды.

Р. Бақытжанқызы