Екібастұзда көшеден әйел адамның мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық іздері жоқ. Әзірге оның кім екені белгісіз. Тәртіп сақшылары оның түр тұлғасын тану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өлімнің себебін медициналық сараптама анықтайтын болады.
Төлеген ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ө. Қуанар