Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 500-ден астам адам жолда қалды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2023
  • 1337

Павлодар облысында 500-ден астам адам жолда қалды. Ақ түтек боранның кесірінен республикалық маңызы бар 3 бірдей тас жол жабылды. Жолда қалғандар Шідерті кентінің маңындағы жылыту бекетіне орналастырылды. Олардың ішінде 12 бала бар. Төтенше жағдай мамандарының хабарлауынша, боранды күні жолға шыққандар толастар емес. Шідерті өткізу бекетінде 200-ге жуық көлік тұр.

Асқарбек ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Ақмола және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ, Баянауыл ауданында қолайсыз ауа райына қарлы боран, көктайғақ, жолдың нашар көрінуіне байланысты аталған жолдар жабық. Осы жылдан бастап, жолдардың жабық учаскесіне шыққандарға 30 АЕК әкімшілік шара қолданылады. Шамамен 103 мың теңге. Немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Ө. Қуанар