Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заңды қабылдады

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2023
  • 1345

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды. Қос палатаның депутаттары екі оқылым қорытындысы бойынша осындай шешім шығарды. Аталған заң жобасы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Бір жыл бұрын Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынған болатын. Ал ақпанда Парламент Елбасы туралы заңға түзетуді қабылдаған еді. Жақында ғана Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою мәселесі бойынша нормативтік қаулы шығарды.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанның демократия мен прюализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде жеке топтардың, билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеуі маңызды. Сондықтан ҚР Мәжілісінің бір топ депутаттары халықтың басым көпшілігінің сұранысын ескере отырып, аталған заң жобасын ұсынды. Өз кезегінде Жаңа Қазақстан депутаттық тобы аталған мәселе бойынша Конституциялық сотқа жүгінді.

А. Базарбай