Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалысқа кеткен екібастұздық оқушылардың соңғы легі үйлеріне оралды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2023
  • 1687

Алматы қаласына демалысқа кеткен екібастұздық оқушылардың соңғы легі үйлеріне оралды. Бұл жолы 30-дан астам бала санаторийлер мен лагерлерде демалып келді. Оларды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері теміржол бекетінен күтіп алды. Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін партия суық үйлерде жаураған балаларды еліміздің әр түкпіріндегі демалыс аймағына жөнелту туралы шешім қабылдаған болатын.

Рабиға КЕНЖЕТАЙ, ОҚУШЫ:

Ең алдымен «AMANAT» партиясына үлкен алғыс айтқым келеді. Өйткені, олар бізді жай қалдырмай әрдайым күн сайын көптеген сыйлықтар жіберіп, көңілімізді көтерді. Өзіме де өте ұнады. Өте қызықты болды. Ойындар, тренингтер көптеген іс шаралар өткізілді. Қыста біраз біздің көңілімізді көтеріп, апатты жағдайдан біздің ойымызды бөлді. Соған көп рақмет! Өзіме қатты ұнады.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«AMANAT» партиясы ұйымдастырған демалысқа 1-қаңтар мен 13-қаңтар аралығында 1000-нан астам бала еліміздің әр аймағындағы демалыс орындарында қысқы каникулін өткізді. Балалардың көңіл күй көтеріңкі. Демалыстың оларға ұнағаны көрініп тұр. Біздің партияның да басты мақсаты осы болатын. Сондықтан, алға қойған міндетіміз орындалды - деп есептейміз.

Ө. Қуанар