Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нанды 170 теңгеге аламыз",- тұрғын

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2023
  • 1888

Елімізде ет тағы қымбаттады. Сондай-ақ шұжық өнімдерінің құны көтерілген. Жұрт сұйық май мен көкөніс бағасының да жоғары екенін айтады. Қанша жәрмеңке өткізсе де, жергілікті тұрақтандыру қорлары қаншама шараларды қолға алса да, бағаға неге тұсау жоқ? Жауаптылар не дейді? Өңірлердегі тілшілеріміз жауап іздеді.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Астанада азық-түліктің бағасы әдеттегідей шарықтап тұр. Тапқан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтындар жаңа жылдан соң тіпті қиналып қалдық деп отыр. Әсіресе, ұн, сұйық май мен ет өнімдері қымбаттаған. Сондай-ақ көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қияр – 35, қызанақ – 14, пияз 7, қызылша – 3 процентке қымбаттады. Жеміс-жидекті сондықтан сирек жейтін болдық дейді тұрғындар.

БЛИЦ:

- Брокколидің ценасы көтерілген. Сосын петрушка,укроп. Огурцыды өткенде мен 1300-ден алған ем, қазір 1400-1500 болып тұр екен. Ешкім тексермейді, ешкімге керек емес.

- Сол жеміс-жидек, еттер, бұрыш, сол ғой, основной сол тамақтар қымбат.

- 20пайызға дейін қымбаттады, 30 пайызға әр көкөніс әртүрлі ғой, 16 күннің өзінде айырмашылық бар ғой. Бағаны реттеу деген жоқ, кім қалай реттеп жатқаны оны үкіметтен сұрау керек.

Бағаның құбылуы саудагерлердің де қалтасын қағатын көрінеді. Әр кезде өнім әртүрлі бағамен келеді дейді.

САТУШЫ:

Енді бүкіл зат әр жақтан қымбат келген соң, бізде қымбат сатамыз. Арендаға байланысты болады. Ары кетсе 20 процент қосамыз. Мандариндер қымбат,

Азық-түлік бағасының өсуіне пандемияға байланысты шектеулердің әсері бар дейді мамандар. Елдер арасындағы байланыс біртіндеп қалыпқа келіп жатқанын айтады.

Ғалымжан ПІРМАТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:

Әлемдегі азық-түлік бағасы туралы айтатын болсақ, бағаның өсу қарқыны төмендеп жатыр. Бірақ баға әлде де өте жоғары. Жаңағы FAO азық-түлік индексінің, мен айтып өткендей, өткен жылдың желтоқсан айында жылдық мәні бойынша бір пайызға ғана төмендеді.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Баға күн сайын құбылып тұр. Алматылықтар да соның зардабын тартып отыр. Мегаполисте де қымбаттамаған нәрсе қалмаған. Әсіресе, ет қымбаттаған дейді. Етсіз қалай күн кешіп жатсыңдар? Әйгерім Пернебек сөз өзіңде.

Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Иә, Мерей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Әсіресе жаңа жылдық мерекеден кейін кейбір өнімдердің бағасы тіпті шарықтап кетті. Ет және ет өнімдерінің құны өскен.

БЛИЦ:

- Бізге енді негізі еттің ең жоғарғы бағасы, мөлшері сол 1700-1800 жоғары болмауы керек қой

- Бәрі қымбаттап кетіпті байқадым.+ менің ойымша көп адамдардың мүмкіндігі болмай ала алмай қалатын сияқты

- Қалай қолжетімді болады? Бәрі өте қымбат, барлығы қымбаттап кетті.

Базарларда сиыр етінің бір келісі 3500 теңгеге дейін жеткен. Ал қой етінің құны-2500-3000 теңге. Сатушылар мұның бірнеше себебі бар дейді.

Айдос БАҚЫТБЕКОВ, ФЕРМЕР:

Біз Бағаны бұрын жылына бір ақ рет көтеретін болсақ қазір айына немесе екі айда бір рет көтеріп отырмыз. Өйткені қазіргі жем шөптің тез-тез қымбаттауынан және жем шөптің Солтүстік Қазақстаннан келетіні, табиғаттың салдарынан, боран, жолдың жоқтығы, келіп жатқан өнімнің аздығынан.

Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Кейбір отбасылар басқа шы¬ғындардың көптігіне байланысты етті үнемдеп жеуге тырысады. Өзге қажеттілігіне қаржы жету үшін мал етінің орнына құс етін тұтынатындар, еттен мүлдем бас тар¬туға мәжбүр болғандар да көп. Ал өзге өңірде жағдай қалай? Не қымбаттады, ненің бағасы тұрақты? Сөз қостанайлық әріптесім Заңғар Санайда.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Қостанайда баға бақылауда. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі келтірген ақпарға сүйенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құны тұрақты. Тіпті жаңа жылдан кейін сәл арзандағаны бар. Мәселен қант бағасы кей дүкендерде 30 теңгеге төмендеген. КТМ: Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі тұрақтандыру қорында жеткілікті, дейді жауаптылар. Шаһардағы мың төрт жүзден астам дүкен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы арзандатылған азық-түлікті саудаға шығарып отыр.

Әсет АЛМҰХАН,ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

СПК Тобылдан әрбір дүкен, әрбір супермаркеттер әлеуметтік маңызы бар тауарларды ала алады. Егер де әлеуметтік маңызы бар тауарлардан тыс тауарлар 15 проценттен асатын болса, тұтынушы әкімдікке шағымдануына болады.Әкімдік тарапынан іс-шаралар қолданылады.

Ал дүкендерде баға әртүрлі. Күріштің құны 16, картоп 4 теңгеге қымбаттады дейді тұтынушылар. Астықты өлке тұрғындары нан бағасының да аспандап кеткенін айтады. Қанттың бағасы енді сәл тұрақты деп айтуға болады. 460-470 теңге шамасында.

БЛИЦ:

- Қанттың бағасы енді сәл тұрақты деп айтуға болады. 460-470 маңайы. Әр жерде әртүрлі. Бәрі бір жерде бір бағаны тұрақты ұстап тұр деп айта алмаймын.Әр жерге барған әртүрлі баға көреміз.

- Сұйық май қымбаттады.Сосын қант шамалы қымбаттады.Сосын шатаспасам нан жағы.Нанды мен көп алам.Бұрын 110-115 теңгеден алып жүрдік.Қазір 170 теңгеге аламыз.

- Сүттің бағасы, нанның,сұйық май, жұмыртқаның бағасы қымбаттады.Әр дүкенде әртүрлі.Ең арзан жұмыртқалар бізде Сити деген дүкен бар.Онда арзан. Ал басқаларында 50-60-70 теңгеге қымбат.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Жергілікті билік азық-түлік бағасын жіті бақылауда ұстап отыр.Өткен жылы Қостанайда 10 рет жәрмеңке өтіпті. Қала тұрғындарын арзан өніммен қамтамасыз ету мақсатында жәрмеңке жалғасады.Алғашқысы қаңтар айында ұйымдастырылады, дейді кәсіпкерлік бөлімі.

Қ. Мерей