Русский Сайттың толық нұсқасы

Торғайдағы су мұнарасы тесіліп, тіршілік нәрі далаға ағып жатыр

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2023
  • 2159

Торғайда су мұнарасы тесіліп, тіршілік нәрі сыртқа ағып жатыр. Аудан басшылығы күн жылынбай, жөндеу жұмыстарына кірісе алмаймыз деп отыр. Мұнара 2015 жылы салынған. Бірақ соңғы жылдары тесік пайда болыпты. Былтыр тамыз айында су тоқтатылып, жөндеу жүргізілген. Қарашада қайта тесіліп, айналасына мұз қатқан. Соған қарамастан жұмысын тоқтатпаған.

Шота ОСПАНОВ, ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тесілген жерін істеп шығатындай басына шығып, адам құлататындай ондай жағдай жоқ. Ал мұнара өз қызметін жасап тұр. Техникалық жағдайын қарауға жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Солар қорытынды береді. Реконструкция жасап ремонттауға болмаса жаңадан салуға. Жарамайды десе, жаңадан саламыз. Жобалық-сметалық құжат істетіп, мұнара қоямыз.

З. Санай