Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде газ тапшылығы байқалып отыр

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2016
  • 2825

Ал Қызылжар өңірінде сұйылтылған газ тапшы. Жергілікті сұйық отын операторлары тамыз айында Энергетика министрлігінен өнімнің 4300 тоннасын сұраған. Бірақ құзырлы орган бұл тапсырыстың тек 65 пайызын ғана қанағаттандырды. Сондықтан аймақтағы газ операторлары халықты сұйық отынмен толық қамти алмай отыр.

Қазір кейбір станциялар көліктерге газ құюды тоқтатқан. Енді бірі талонмен шектеп беріп жатыр. Әкімдік өкілдері солтүстікке өнім жеткізіп отырған Ақтөбе мұнай өңдеу зауытынан жақында газ келеді деп отыр. Бірақ ол небәрі 2 800 тонна. Ал Ресейден тасу тиімсіз. Өйткені қазақстандық газдың келісі 23 теңге болса, көрші елде екі есе қымбат көрінеді.

Әділбек Әубакіров, СҚО энергетика және тұрын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Сұйылтылған газға ай сайын сұраныс артып келеді. Себебі қазір көліктер газға ауысып жатыр. Осы айда бізге сұйық отынның 2800 тоннасы бөлінді. Бірақ бұл бізге жетпейтін көрінеді. Мұнай өңдеу зауытының көбірек бергенін қалаймыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН