Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2023
  • 1965

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді. Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Басқосуда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттың кезектен тыс сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәжіліс депутаттарымен бірге сайласақ деген. 19 наурызда оған дәлелдер жаңа айтылды. Негіздер ұсынылды. Алдын ала сайлау комиссиясының мүшелері бұны талқылап өткен. Сондықтан тиісті қабылдауымыз қажет.

Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Үміткерлерді тіркеу мерзімі 18 ақпан Астана уақытымен кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Үгіт-насихат кезеңі 18 ақпан кешкі сағат 18:01-де басталып, 18 наурыз түнгі сағат 00-00 аяқталады. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Сәбила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттарының 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланады.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына соңғы 10 жыл бойы Қазақстан аумағында тұратын, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Мәслихат депутаттығына үміткерлер 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.

Ә. Дүкембаева