Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ел болашағы үшін дауыс береміз!», - халық пікірі

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2023
  • 2035

«Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береміз!» Осылай деген халық алдағы сайлауға белсенді қатысатынын айтады. Мәжіліс пен мәслихаттардың жаңа құрамы жаңашылдық әкеледі деп сенеді. Жаңа депутаттардан зор үміт күтеді.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

- Алдағы уақытта сайланатын халық қалауларынан, қазіргі халық талап етіп жатқан ашықтық, мөлдірлік. Ұлтқа, елге жанашырлық мемлекеттік принцип деген нәрселерді алға ұстанатын, айтар ойын бұғып қалмай ашық айтатын азаматтар келеді деген ойдамын.

- Бұл келе жатқан сайлаулардан, халық өте үлкен үміт күтіп отыр. Өйткені халықтың сөзін сөйлейтін, нағыз халықтың қалаулысы деген атқа лайық азаматтар, мінберден мұқтаждықтарын елдің мәселесін айтып, оның шешілуіне өздерінің үлесін қосады деп сенеді. Сол үшін дауыс береді деп ойлаймын.

АСТАНА

- Әрине біздің азаматтық борышымыз ол. Бүгінгі үміткерлерге дауыс беру ғой. Болашақта осы сайлауға қатысып жатқан адамдардан мол үміт күтеміз. Өзгешіліктер болады деп ойлаймыз.

- Жақсыға болады деп ойлаймыз енді. Жаңа Қазақстан деп жатыр қолдаймыз барамыз, әрине, барамыз.

СҚО

- Жаңа келген депутаттар бұрынғы ескі жұмыс істеу тәсілінен ада болып, жаңаша қызмет етеді. Халықпен етене жұмыс істейді деп ойлаймын. Себебі әдеттегідей бұл сайлауды партиялық тізім бойынша емес, депутаттардың 30 пайызы можаритарлық жүйе бойынша яғни тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады.

- Жаңа жүйе жаңа өзгерістерді әкеледі деп ойлаймын. Мәжілістегі және мәслихаттардағы депутаттар ел халқының мүддесін қорғап қана қалмай, сонымен қатар облыстағы ауылдардағы мәселелерді жоғары билікке жеткізеді деген сенімдемін.

АҚТӨБЕ

- Әділ сайлау болса дейміз. Халықтың мұнын ойлайтын. Ауылдың мұнын, қарапайым халықты ойлайтын адамдар келсе дейміз. Нағыз өз істерінің маманы.

- Халыққа қызмет ететін шынайы Жаңа Қазақстан деген атағына сай болсын деймін. Соны күтемін. Тек жақсы болсын! Қазақстан көркейе берсін!

Д. Оңласын