Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжардағы жылу орталығының күл полигонын кеңейту үшін 89 гектар орман оталмақ

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2023
  • 2311

Қызылжардағы жылу орталығының күл полигонын кеңейту үшін 89 гектар орман оталмақ. Қазір коммуналдық кәсіпорынның көмір қалдығын төгуге арналған 220 гектар жері бар. Өткен ғасырдан бері пайдаланып жүрген қойма толуға жақын көрінеді. Сондықтан энергетиктер қосымша 239 гектар жер алып, жаңа күл төгу алаңын дайындауды көздеп отыр. Аталған аумақтың үшінші бөлігінде орман алқаптары орналасқан. Сондықтан жылу орталығының өкілдері оны шауып тастамақ. Ал бұған қала тұрғындары мен қоғам белсенділері түбегейлі қарсы.

Ольга ВЕРКУЛЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Петропавлдың шетіндегі орман қаланың өкпесі болып саналады. Оны шабуға мүлдем болмайды. Солтүстік Қазақстандағы орман алқаптары онсыз да қырылып жатыр. Бұл шешімді қабылдар алдында қоғамдық кеңестің пікіріне құлақ асу керек.

Билік өкілдері жерді бөлу жөнінде ресми жауап келмегенін айтады. Сондықтан өзінің жоспарлары жөнінде әзірге жауап беруден бас тартты. Ал «Севказэнерго» компаниясы оталған орманның орнына 10 есе көп ағаш егеміз деп уәде беріп отыр.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

«Севказэнерго» компаниясы әкімдікпен бірлесіп, бірнеше жерді қарастырды. Бірақ бірқатар факторларға байланысты бұл учаскілер бізге келмейді. Мәселен, топырақтың сәйкес келмеуі, жерасты суларының тым биік көтерілуі, өндірістік аумақтан тым алыс орналасуы және тағы да басқа. Егер күл төгетін аумақты осы жерде белгілесе, онда бұл қосымша шығынды талап етеді. Өз кезегінде ол бірден тарифтің өсуіне әсер етеді.

А. Құрманкин