Русский Сайттың толық нұсқасы

Шенеуніктердің үйі мен жұмыс орнына тінту жүргізілді

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 2261

Түркістан облысында бірнеше шенеуніктің үйі мен жұмыс орнына тінту жүргізілді. «Бұл заңға сәйкес», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті. Мұны облыстық сот та растады. Баспасөз хатшысы таратқан ақпаратқа сүйенсек, тінту облыстық адами әлеуеттік дамыту басқармасының басшысы, басқарма басшысының екі орынбасары мен басқарманың бөлім басшысына жүргізілген. Қазір төртеуі де жұмыста. Ал тінтудің не үшін жүргізілгені туралы әзірге мәлімет жоқ.