Русский Сайттың толық нұсқасы

Баланы көлікпен қағып, қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2023
  • 1088

Ақтөбеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті. Ал жүргізуші қашып кеткен. Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға кешкі уақытта болған. Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы бойында белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, тайып тұрған. Полицейлер жедел-іздестіру нәтижесінде күдіктіні ұстады. Көлік автотұраққа қойылған.