Кеше кешкілік сағат 21:30-да Абай облысы ПД ЖБО-ға Әуезов даңғылындағы Ардагер дүкенінің жанында иесі белгісіз сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметтік иттің көмегімен күдікті сөмкеде жарылғыш заттың бар-жоғын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша сөмкенің қауіпсіз екені анықталды. Оның ішінде спорттық жаттығуға арналған заттар болған.