Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 32 құрылысшы «Нұр Отан» партиясына қабылданды

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2016
  • 2673

«Нұр Отан» партиясының қатары құрылысшылармен толықты. Бүгін Шымкентте құрылысшылар күнінде орай осы саланың 32 маманы партияға қабылданып, партия билеттері салтанатты түрде табысталды. Барлығы шымқаланың көркеюіне үлес қосып жүрген әртүрлі құрылыс компаниясының өкілдері. Билік партиясының мүшесі болған азаматтар үлкен жауапкершілік, зор міндет артылып отырғанын сезінеміз десті.

Ақылбек Жорабеков,  құрылысшы:

Бүгін екі мереке қатарласып келіп отыр. Ол бірі - құрылысшылар күні, өзіміздің мереке. Екіншісі - «Нұр Отан» партиясына кіріп отырмын, мүшесі болып. Бұл партияны таңдаған себебім Елбасының саясатын, мақсатын іске асырам, жүзеге асырамыз деп, өз үлесімді осы құрылысшы ретінде қаламызды көркейтуге, өркендетуге үлесімді қосамын.

Бүгін сондай-ақ, құрылыс саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар «Алғыс хаттармен» марапатталды. Кәсіби мерекелерімен құттықтаған нұротандықтар олардың еңбектеріне табыс тіледі.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы бойынша жиырма мыңға жуық мүшесі бар. Солардың он пайызы - құрылысшылар. «Нұр Отанға» мүше болғысы келетіндердің бірінші кезекте біліктілігі, жұмысқа белсенділігі мен еңбек өтіліне назар аударылады," - деді партия өкілі. 

Сәттар Қуашбаев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы:

«Нұр Отан» партиясының қатары күннен күнге көбейіп жатыр. Әсіресе, қатарына қосылам деушілердің қазір көбеюі өте қуантарлық жағдай. Бірақ біз «Нұр Отан» партиясы оған санына емес, сапасына соңғы кезде аса мән беріп отырмыз. Себебі көптеген "көлденең көк атты" деп жатады, басқа да кіріп кетіп, «Нұр Отан» партиясы қатарына, ертеңіне келеңсіз жағдай болмас үшін, қазіргі таңда тікелей олардың сапасына баса назар аударылып отыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ