Русский Сайттың толық нұсқасы

Абақтыға телефон апарған

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2023
  • 1189

 Қарағандыда қоғамдық қорғаушы уақытша ұстау изоляторына телефон кіргізбек болды. 37 жастағы әйел телефонды басындағы ободогына жасырып алыпты. Ол тұтқында отырған азаматпен кездесуге келгенде, шашқа тағатын аксессуарын тергеу изоляторының қызметкерлеріне тексертуден жалтарған. Қорғаушының қобалжығанын байқаған тексерушілер байламды жыртып, ішінен «Nokia» маркалы құралды алып шықты. Әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жөнелтілмек. Енді ол қоғамдық қорғаушы мәртебесінен айырылады.